- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда жылу желілерін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды
Алматыда жылу желілерін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды
Алматы қалалық Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының хабарлауынша, 7 нысан бойынша барлық технологиялық жұмыстар бекітілген мерзім 15 қыркүйекке дейін орындалды.
Маусым барысында 200 мм-лік және одан кіші диаметрлі 3 км тұрба алмастырылды, аймақты абаттандыру жұмыстары жасалынды: көгал төселді, асфальтты жол төсемесі салынып, бордюрлер қойылды.
«Биылғы жылы қалпына келтіруге өткен барлық учаскелер өзінің пайдалану ресурсын тәмамдап, дереу алмастыруды талап еткен. Бүгінгі таңда ескірген желілер орнына отандық өндірістің заманауи желілері салынды. Оны пайдалану мерзімі 35 жылға дейін жетеді. Бұл алматылықтардың алаңсыз өмір сүруіне мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 1 қыркүйегінде Алматыда магистральді жылу желісі қалпына келтірілген еді. 9 учаскедегі 10 км тұрба жөнделді. Жылумен қамту желісін жаңғырту қуат үнемдеуге жол ашты. Соңғы 3 жылда энергия шығыны 13,1% азайған.
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жалған вакцина төлқұжаттары мен ПТР анықтамаларын анықтау жұмыстары қалай жүруде -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері