- Басты
- Жаңалықтар
- Германияда Қазақстан экономикасының күні өтті
Германияда Қазақстан экономикасының күні өтті
ҚР СІМ хабарлағандай, Германияның 150 басты ресми, іскер және сараптамалық өкілдері қатысқан іс-шараның ұйымдастырушысы Германиядағы Қазақстан елшілігі, еліміздің Гамбургтегі құрметті консулдығы және Шығыс Европа елдерінің экономикалық ынтымақтастық қауымдастығы болды.
«Қазақстанның Елшісі Б.Нүсіпов, Шығыс Европа елдерінің экономикалық ынтымақтастық қауымдастығының төрағасы М.Фельзнер, ҚР инвестициялар және даму Министрлігінің автомобиль комитетінің төрағасы М.Пішембаев, герман экономикасының Орталық Азия бойынша Шығыс комитетінің аймақтық директоры Э.Кинсбрунер, Гамбургтегі Қазақстанның Құрметті консулы - «BUSS Group» компаниясының Президенті Й.Киллингер іс-шараға қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі», - делінген хабарламада.
ҚР Елшісі өз сөзінде Қазақстан қолайлы орналасуына қарай Шығыс пен Батысты, солтүстік пен оңтүстікті байланыстырып тұрған үлкен көліктік және транзиттік басымдыққа ие екендігіне тоқталып, іскер қауымға трансқазақстандық жол бағдарының артықшылығын айтты. Осы орайда қазақстандық елші бірлескен перспективалық жоба негізінде неміс порттарында логистикалық база құрып, неміс серіктестерін Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін дамытуға шақырды. Сонымен қатар германдық теміржол компаниясының Қазақстанның басым аумағынан өтетін Қытай-Германия бағытындағы теміржолды игеруіндегі кемел табыстары сөз етілді.
М.Фельзнер өз сөзінде Германия үшін Қазақстан Орталық Азиядағы маңызды стратегиялық серіктес, өйткені осы елді аймақтармен барлық тауар айналымның 85 % Қазақстанның еншісінде екенін мәлімдеді. Германдық іскер қауым Қазақстан Үкіметінің көліктік-логистикалық және транзиттік әлеуетін дамытуды қолдап, осы үдеріске белсене араласуға ниет білдірді. М.Фельзнер өз сөзінде Солтүстік және Балтика теңіздерінің өз порттарында Қазақстанның көліктік-логистикалық құрылыстарын шешу мәселесінде Германия Қазақстанның сенімді серіктесі болуға әзір екеніне тоқталды.
Экономика күні аясында логистика бойынша Федералды бірлестіктің басшылығы, экономика бойынша Гамбургтік қоғам, «Deutsche Bahn»-германдық теміржол компаниясы, Росток қаласындағы «Hafen-Entwicklungsgesellschaft Rostock» портын дамыту компаниясы, «Brockmüller Spedition» көліктік –логистикалық компания және «Kühne+Nagel» арасында тартысты дискуссия өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»