• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ІІМ: Қазақстанда ЖКО-да қайтыс болған кәмелетке толмағандар саны 10 пайызға қысқарды

ҚР ІІМ: Қазақстанда ЖКО-да қайтыс болған кәмелетке толмағандар саны 10 пайызға қысқарды

23 Қыркүйек, 2014 17:11
Қазақстанда ЖКО-да қайтыс болған кәмелетке толмағандар саны 10 пайызға қысқарды.Бұл туралы Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха мәлімдеді.

 «8 ай ішінде біз ЖКО оқиғаларының санын 3,6 пайызға қысқарттық. Оның ішінде ЖКО-да қайтыс болған кәмелетке толмаған балалардың саны да 10 пайызға қысқарды», - деді ол.

Оның айтуынша, 2014 жылы ЖКО-да 142 адам қаза тапты, 3615 кәмелетке толмаған бала жарақаттанды, апаттың болу себебі  белгіленбеген жерде жолды қиып өту болып есептеледі. ЖКО-ның 80 пайызы көлік жүргізушілерінің тарапынан болады.

И.Лепеха атап өткендей, 7 жыл ішінде көліктердің саны бір жарым есеге көбейді.

«2007 жылдан 2013 жылға дейін көлік саны бір жарым есеге көбейді, ал жолдардың жағдайы өзгермеді, соңғы кездері жаһандық құрылыс жүруде. Егер де 2007 жылы бізде 2,5 млн көлік бірлігі болса, өткен жылы 4 млн-ға жетті», - деді И.Лепеха.

Индира Қауметова 

Барлық жаңалықтар