• Басты
  • Жаңалықтар
  • ТМД байқаушылар миссиясының штабы Сенат депутаттарының сайлауына бақылау жүргізеді

ТМД байқаушылар миссиясының штабы Сенат депутаттарының сайлауына бақылау жүргізеді

23 Қыркүйек, 2014 16:23
Қазақстан Республикасының шақыруы бойынша ТМД-дан байқаушылар миссиясы мен оның Штабы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын мониторингтеуге кірісті.

«Сол күні Миссия өкілдері Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының басшылығымен кездесті. Кездесуде ҚР ОСК Достастықтан байқаушылар миссиясының қалыптасқандығы туралы ақпараттандырылды. Миссия құрамына ТМД-ға қатысушы барлық мемлекеттердің (Украинадан басқа), сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының, Беларусь және Ресей Одағы Парламенті Жиналысының, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетінің өкілдері кірді», - деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.

ТМД-дан байқаушылар миссиясы, бұрынғыдай сайлау мониторингін Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасын сақтай отырып, сайлау процесіне араласпай, тәуелсіз жүргізеді. 

Өз кезегінде, ҚР ОСК басшылығы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын байқауды жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалатындығы туралы хабардар етті. 

 

Барлық жаңалықтар