• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ли Кэцян: Қытай Қазақстанмен стратегиялық әріптестікті нығайтуға мүдделі

Ли Кэцян: Қытай Қазақстанмен стратегиялық әріптестікті нығайтуға мүдделі

23 Қыркүйек, 2014 15:42
Бүгін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Серік Ахметов Қытай Халық Республикасына ресми сапары шеңберінде ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесті.

Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, кездесуде екіжақты стратегиялық ынтымақтастықты, соның ішінде әскери және әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимылды әрі қарай нығайту мәселелері талқыланды.

«Қазақстан мен Қытайды екі ел көшбасшыларының жақын және достық қарым-қатынасына негізделген берік және ұзақмерзімді ынтымақтастық байланыстырады. Екі ел қорғаныс ведомстволары арасындағы әріптестік осы ынтымақтастықтың маңызды бір бағыты болып табылады», - деді С.Ахметов.

Өз кезегінде,  ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцян «Қытай Қазақстанмен мемлекетаралық байланыстардың барлық бағыттары бойынша, соның ішінде әскери және әскери техникалық салада да стратегиялық өзара іс-қимылды кеңейтуге әзір»- деп атап өтті.

Барлық жаңалықтар