Қарағанды облысында республикалық «Ұлытау – ұлы мекенім» форумы ашылады

23 Қыркүйек, 2014 14:48
Ертең Қарағанды облысы Ұлытау ауылында республикалық «Ұлытау – ұлы мекенім» форумы өтеді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, форумға қатысушылар ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Ұлытау баурайында берген сұхбатында айтылған қазақстандық қоғамның қазіргі өзекті мәселелерін талқыламақ.

Шараға депутаттар, қоғам қайраткерлері, өнер мен мәдениет өкілдері, жазушылар, драмматургтер, әртістер, ғылыми ұйым мен музей қызметкерлері шақырылды.

Форум аясында «Ұлытау – ұлт ұясы» көрмесі ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар, «Ұлытау – ұлы мекенім» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Форум «Ұлы дала сазы» дәстүрлі түркі музыкасының халықаралық фестивалімен аяқталады.  

Барлық жаңалықтар