Шығыс Қазақстанда жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

23 Қыркүйек, 2014 12:41
Шемонаиха ауданының Суғатов ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды, ол Вавилон ауылдық округінің халқына қызмет көрсетеді, жылына 10 мың адамды қабылдауға қауқарлы.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде хабарлағандай, амбулаторияның мекемесі  алдын алу шараларын жүргізуге бейімделген, сондай-ақ, күндізгі стационар да құрамына енеді. Оған қоса, әр кабинет арнайы қондырғылармен жабдықталған. Электр энергиясы өшірілгеннен кейін автоматты түрде резервті генератор іске қосылады», - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, амбулатория қысқа мерзімнің ішінде салынды, аймағы да абаттандырылған, газон төселіп,  терек-талдар отырығызылған. 

Барлық жаңалықтар