- Басты
- KazINNO байқауы энергетика саласының екі жеңімпазы Кремний алқабына барады
KazINNO байқауы энергетика саласының екі жеңімпазы Кремний алқабына барады

«Жеңімпаздар Кремний жобалары бойынша жедел дамудың ақылы бағдарламасынан өтіп, 2014 жылдың қарашасында жаһандық The CleanTech Open форумына қатысады», - деп хабарлайды ТДҰА.
Баламалы қуат көздері, дизельді моторларды газға алмастыру, электр энергиясын үнемдеу, инновациялық жел турбиналарын құру мен өзге де салалар бойынша қойылған жұмыстар арасынан қазылар тегіс гелиоколлекторлар дайындаған Дияз Байсеитовтың жобасын үздік деп тапты.
Екінші жеңімпаз Елдос Абақанов. Карбон негізінде ысыту элементтері өндірісі жобасын дайындаған топтың жетекшісі. Олар қазан айында Кремниевке аттанбақ. Оның айтуынша, аталмыш өндіріс көптеген салаларда өз пайдасын беріп, тұрғын үй құрылысы, спортты және сауықтық ғимараттар мен әлеуметтік нысандар құрылысында кәдеге жарамақ.
Байқауға жалпы саны 136 үміткер қатысты. Соның ішінен қазылар бірінші кезеңнен кейін 10 финалисті анықтады. Екінші кезеңнің 3 күндік сайысы барысында үміткерлер технологияны коммерциялау, маркетинг және қызмет пен өнімді ілгерілету саласында отандық және шет елдік тренерлерге өздерінің мүмкіндіктерін таныстырып, Қазақстан мен шетелде зияткерлік меншік нысандарын қорғау бойынша шеберлік сабақтарын алды.
Естеріңізге сала кетейік, KazINNO – әлеуеті мол қазақстандық старт-ап командаларды анықтап, оларға қолдау көрсететін арнайы алаң, сонымен қатар ол компания құру мен нарыққа енудің жолдарын да көрсетеді.
-
Жер реформасы бойынша комиссия құрамы бекітілді
-
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары
-
О.Бекбас: Тариф құнын өсіру - электр станцияларын апаттан құтқару үшін қажет
-
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді
-
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі
-
Елордада «Жамбылмен бірге жырлайық» шығармашылық байқауы қорытындыланды
-
Антикор: Жыл басталған екі ай ішінде 48 лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін ұсталды
-
Stop Musor: «Қазақстан қалаларын қоқыс басып барады»
-
Темекі өнімдерін таңбалау көлеңкелі экономиканы азайтады
-
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін"
-
Үшінші тоқсандағы мектептегі оқу мен ЖОО-дағы екінші семестр қалай жүргізіледі
-
Үшінші тоқсанда бітіруші сынып оқушылары мектепке барады
-
Коронавирустың екінші толқыны: Жағдай күрделі, бірақ бақылауда
-
Коронавирустың екінші толқыны: Қазақстан мектептері неге дәстүрлі оқу форматына көшкен жоқ
-
Тауарларды таңбалау: Сауда саласының көлеңкелі айналымын төмендетуге мүмкіндік береді

