- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР мен АҚШ стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға мүдделі
ҚР мен АҚШ стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға мүдделі
ҚР СІМ хабарлағандай, сұхбаттастар екіжақты қатынастар күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелер кешенін қарастырып, қатынастардың қарқынды дамуын атап өтті. Қазақстан-америкалық қатынастардың энергетика, ядролық таратпау, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту мәселелерінде өзара сенімді ықпалдастықтың берік негізінде құрылғаны атап өтілді. Кездесу барысында америкалық компаниялардың Қазақстанның энергетика секторын дамытудағы жетекші ролі аталды, басқа салаларда сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің мол мүмкіндіктері туралы да айтылды.
Е. Ыдырысов «Қазақстан-2050» Стратегиясына сай республиканың экономикалық даму ахуалы мен болашағын сипаттап, Н.Ә. Назарбаев алға қойған дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру мақсатына жету АҚШ-пен және өзге шетел серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастыққа зор мүмкіндік тудырады деп атап өтті. Осы тұрғыда Е. Ыдырысов пен Дж. Керри Қазақстанның Дүниежүзі сауда ұйымына (ДСҰ) кіру бойынша келіссөздердің тезірек қорытындылауының маңыздылығын атап өтті.
«Сұхбаттастар, сонымен қатар, халықаралық саясаттың өзекті мәселелерін, соның ішінде Орталық Азиядағы, Ауғанстандағы, Украинадағы және Иран ядролық бағдарламасына қатысты жағдайды талқылады. Бұған қоса, Ұлы Жібек Жолын қайта жаңғырту жобалары шеңберінде көлік байланыстарын дамыту мәселелері қарастырылды», - делінген хабарлмада.
Е. Ыдырысов АҚШ мемлекеттік хатшысының тікелей қатысуымен қол жеткізілген Ауғанстандағы президент сайлауынан кейінгі жағдайды реттеу бойынша келісімді қолдап, Қазақстанның бұл елдегі тұрақтану үрдісіне одан әрі көмек көрсетуге дайындығын растады.
Е.Ыдырысов Украинадағы шиелініс жағдайын ағымдағы жылы тамызда Минскідегі Саммит барысында қол жеткен келісімдерге және қыркүйекте қол қойылған Минск меморандумына сәйкес бейбіт жолмен реттелуін Астана қалайтындығын растады.
ҚР СІМ басшысы Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасы аясында орын алып жатқан келіссөздер үдерісіне, қажет болған жағдайда, жан-жақты көмек көрсетуді одан әрі жалғасытруға дайын екендігін атап өтті. Және тараптардың осыдан бұрын жария етілгендей ү.ж. 24 қарашада келісімге келетіндігіне үміт білдірді.
Дж. Керри өз кезегінде Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға қосып отырған үлесін, оның ішінде Ауғанстанды тұрақтандыру мәселесінде, және жалпы республиканың конструктивті және теңгерімді сыртқы саясатын жоғары бағалады. Мемлекеттік департамент басшысы АҚШ-тың елімізбен саяси және экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады.
Кездесу соңында Е. Ыдырысов Дж. Керриге өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға сапар шегуге ресми шақыруды табыстап, жалпы америкалық тарапты Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандырылыған көрмеге қатысуға шақырды.
Мәлім болғандай, АҚШ қазақстандық экономикасының басты инвесторларының бірі болып табылады (26 млрд. доллардан астам), Казақстанда америкалықтардың қатысуымен 300 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді, ал 2013 жылдың қортындысы бойынша тауар айналымы 9%-ға артып, 2.8 млрд. АҚШ долларын құрады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді