• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемқолдау бойынша байланыс желісіне шаруалардан келіп түскен қоңыраулар саны күрт артты - ҚазАгро

Мемқолдау бойынша байланыс желісіне шаруалардан келіп түскен қоңыраулар саны күрт артты - ҚазАгро

23 Қыркүйек, 2014 10:56
Ағымдағы жылы шаруаларға арналған желі 1786 қоңырау қабылдаса, 2013 жылдың қаңтар-тамыз айларында бұл көрсеткіш 349-ға тең болатын.

ҚазАгро хабарлағандай, қоңырау шалу саны былтырдың тамызында айтарлықтай жиілеп, бүгінгі күнге дейін жоғары деңгейде сақталып отыр. Егер өткен жылдың қаңтар-маусым айларында ай сайын орташа алғанда 20-30 қоңырау қабылданса, шілдеде 50 қоңырау шалу, тамызда 119, қыркүйекте 180, қазан айында 247 қоңырау тіркелген.

Байланыс орталығына хабарласу жағдайларының жиілеуі, біріншіден, шаруаларымыздың тегін байланыс желісі туралы ақпарат алуымен, екіншіден, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «ҚазАгро» ұлттық холдингісінің жүзеге асырып отырған агробизнесті қолдау шаралары аясының кеңеюімен, яғни отандық шаруалардың аталмыш шаралар туралы ақпаратқа деген қызығушылық танытуымен байланысты.

«Хабарласушылардың сауалдары дәстүрлі болып келеді. Аграрлық саладағы несие беру бағдарламалары туралы ақпарат ең жиі қойылатын сауал болып табылады, қоңыраулардың 60% осы тақырыпқа арналады. Өсімдік және мал шаруашылығы саласындағы шығындарды субсидиялау тақырыбы тұтынушылардың 10%-ын қызықтыратын болып шықты. 6-7% қоңырау шалушыны жеке ісін бастау үшін берілетін шағын несиелер тақырыбы қызықтырған екен», - делінген хабарламада.

 

Барлық жаңалықтар