• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Қазақстан-2050» Стратегиясында елдің жан-жақты дамуы қарастырылған-А.Бушез (Видео)

«Қазақстан-2050» Стратегиясында елдің жан-жақты дамуы қарастырылған-А.Бушез (Видео)

23 Қыркүйек, 2014 09:16
Қазақстанның барлық саладағы даму бағыттары айқын. Нәтижесінде әлемдегі дамыған 50 мемлекеттің тізіміне енді.«Қазақстан-2050» Стратегиясында елдің жан-жақты дамуы қарастырылған, деп мәлімдеді Қазақстандағы Еуропа одағы өкілдігінің басшысы Аурелия Бушез.

«Қазақстанда бейбітшілік пен келісім ерекше салтанат құрған. «Қазақстан-2050» Стратегиясында күн тәртібіне қойылған ұлтаралық келісім мен экономикалық және әлеуметтік даму елді негізгі қозғаушы күшке айналдырып отыр» - дейді А.Бушез.

Оның айтуынша, «Қазақстан-2050» ұзақмерзімді стратегиясы Қазақстан мен Франция арасындағы әріптестік байланыстың кепілі болып табылады.

«Еуроодақтың Қазақстандағы қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызметті жетілдіру. Осы орайда «Қазақстан-2050» Стратегиясы аталмыш саланы дамытуда да өзіндік мәнге ие. Бұл жағынан Қазақстанның ұстанған бағыты Еуропа елдерінен алшақ емес», - дейді А.Бушез.

Сөз соңында Қазақстандағы Еуропа одағы өкілдігінің басшысы ауқымды құжаттың жемісті болатынына сенім білдірді.

Бауыржан Мұқанов

Барлық жаңалықтар