- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ҚР мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселесі талқыланды
Астанада ҚР мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселесі талқыланды
23 Қыркүйек, 2014 09:01
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Жалпықытайлық халық өкілдерінің жиыны Тұрақты комитетінің төраға орынбасары Чжан Баовэньмен кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мен кеңейтудің өзекті мәселелерін талқыланды, деп хабарлайды Премьер-Министрдің ресми сайты.
Кездесуде мұнай-газ, АӨК, энергетикалық сектор мен транзиттік-логистикалық саладағы өзара қазақстан-қытай іс-қимылының барлық қырларын қарастырды.
Кәрім Мәсімов екіжақты байланысты жандандырудың маңыздылығын айта келіп, ҚХР-мен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылықтың жоғары екенін мәлімдеді.
Өз кезегінде, Ч.Баовэнь қазақстандық-қытай байланысының барлық салалары бойынша ынтымақтастықты нығайту мен кеңейту керектігін айтты.
«Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар екіжақты тауар айналымын арттыруға бағытталған сауда-экономикалық ынтымақтастықты ары қарай тереңдету керектігін айтты», - делінген порталда.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері