Т.Селучи: Мен ҒЕЭКҚ үйлестіруші кеңесіне қатысқанымды мақтан тұтамын

22 Қыркүйек, 2014 18:36
2014 жылдың қыркүйегінде ҒЕЭКҚ Директорлар кеңесі Үйлестіруші кеңестің жаңа мүшесін – Америка Құрама Штаттарының өкілі доктор Томас А. Селучи мырзаны қабылдады.

Селучи мырза ҒЕЭКҚ Үйлетіруші кеңесіне сайланған алғашқы америкалық болды.  

«Кәсіпкер және тәжірибелі топ-менеджер, доктор Селучидің корпоративті және венчурлы инвестициялауда тәжірибесі мол. Белгілі бір орталарда ол алдыңғы қатарлы стратегиялық жоспарлау, маркетингтік зерттеулер, бизнес-талдама және инновациялар шебері ретінде танымал», - деп хабарлады қауымдастықта.

ҚР Парламентінің Сенат депутаты, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Қауымдастығының тең төрағасы Серік Нүгербеков Томас Селучимен бірлескен жұмыс ҒЕЭКҚ экономикалық зерттеулерін кеңейту және G-Global сияқты халықаралық бастамаларды орындауды арттыру үшін үлкен мүмкіндік деді.

 «Доктор Селучидің Энергия, энтузиазм және уәждемесі жаһандық қоғамдастық ретінде біздің алдымызда тұрған бірқатар ең күрделі проблемаларды шешу үшін біздің күшті командамызбен бірігеді. Біз Селучи мырзаның нақты әлемнің проблемаларын шешу үшін мемлекеттік және жеке секторларды біріктірудегі жалпы мойындаған көшбасшылығын құптаймыз», -деп жеткізді ойын Сенат депутаты.

Томас А. Селучи – өз тәжірибесін және жаһандық қоғамдық игілік үшін өзінің жеке сектордағы тәжірибесін тиімді пайдаланатын коммерциялық мемлекеттік-жеке әріптестіктегі әлемдік беделді тұлға, бұл G-Global ақпараттық-коммуникативті платформасының барлық бағыттарының мақсаттарымен және міндеттерімен сәйкес келеді.

«Бұл ҒЕЭКҚ-қа біздің жаһандық экономикамыз үшін маңыз атқаратын олардың өмірлік елеулі бастамаларын әзірлеу және іске асыру бойынша маңызды борышына көмек көрсету туралы пайымдау шын мәнінде үлкен абырой. Мен 130-дан астам елде өкілдігі бар және кейбір ең күрделі жаһандық проблемалар үшін шешімдердің бірлескен үлгілерін сындарлы түрде шешу мүмкіндігі бар осындай қуатты ұйымға қатысатынымды мақтан тұтамын» - деді доктор Селучи.

Барлық жаңалықтар