- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Байбек: Кез келген партияның басты мақсаты – халық сенімінің үдесінен шығу
Б.Байбек: Кез келген партияның басты мақсаты – халық сенімінің үдесінен шығу
«Нұр Отанның» баспасөз қызметі хабарлады, конференцияның 8-ші Бас Ассамблеясы «Азиялық Қауымдастық Құру» тақырыбымен өтті. Партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бастаған «Нұр Отан» делегациясы оның жұмысына АСПХК Тұрақты комитетінің мүшесі ретінде қатысты.
Пленарлық отырыстағы сөйлеген сөзінде партия Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыру міндеттемесі аясындағы негізгі мақсаттарына және партияның жаңғыруы мен басты бағдарларына кеңінен тоқталды.
«Кез келген партияның басты мақсаты – халық сенімінің үдесінен шығу», - деді Б.Байбек.
Ассамблея аясында Б.Байбек Шри-Ланка президенті, Шри Ланка бостандығы билеуші партиясының Төрағасы Махинд Раджапаксамен кездесті.
Сондай-ақ, Азия елдерінің саяси партиялары делегацияларының бірқатарымен екіжақты кездесулер өткізілді.
Азиялық партиялар делегациялары Қазақстанның халықаралық аренадағы аса жоғары беделі мен аймақтың тұрақты түрде дамуының орталығы ретіндегі айрықша рөлін атай отырып, ел президент Н.Ә.Назарбаевтың «қазақстандық кереметті» жасаудағы қайраткерлігі мен Азиядағы қауіпсіздікті нығайту, аймақ елдерінің гуманитарлық және сауда-экономикалық байланыстарының кеңінен қанат жаюындағы елеулі үлесін сөз етті.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады