Астаналық құтқарушылар Қазақстан халқының тілдері күнін атап өтті

22 Қыркүйек, 2014 15:33
Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ өрт сөндіру бөлімшелері арасында Қазақстан халқы тілдері күніне орай Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту қызметінің ұйымдастыруымен Көңілді тапқырлар клубы (КВН) өтті.

Көңілді тапқырлар клубына іріктеу турынан өткен 7 команда қатысты, олар - 2-МӨСБ «Жастар», 3-МӨСБ «Көз тимесін», 5-МӨСБ «ІІМ туысқандары», 7-ӨСБ «Арай, 11-ӨСБ «Самұрық», 14-ӨСБ «Найза», 16-МӨСБ «Шала-пала» командалары.

«Командалар қызметті мемлекеттік тілмен ұштастыра отырып, «Сәлемдесу-Танысу», «Бейнеролик», «Бой жазу», «Нысанаға ату» және «Бір көрініс» сияқты 5 турдан тұратын сайыстарда өз өнерлерін көрсетіп, көпшілік көрерменнің жүрегін жаулап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

 Әсіресе,«Сәлемдесу-Танысу», «Бейнеролик», «Нысанаға ату» сияқты турлар барша жанарды жаулап алды. Күнделікті қиын да күрделі қызметте жүрген өрт сөндірушілер сахнада өздерін басқа қырларынан танытып, жан-жақтылықтарын көрсетті.

Қорыта айтқанда, Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ өткен Көңілді тапқырлар клубына барлық өрт сөндіру бөлімдері бір адамдай қатысып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, сайыстың жоғары деңгейде өтуіне бар күштерін салды.

Барлық жаңалықтар