• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Мұхамедиұлы: Республикалық музейлер мен қорықтар барша адамзаттың жетістігі

А.Мұхамедиұлы: Республикалық музейлер мен қорықтар барша адамзаттың жетістігі

22 Қыркүйек, 2014 14:31
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанның тарихи нысандарын сақтауға ден қою керектігін айтты.

Министр қазақстандық тарихи орындарды адамзаттың жетістігі ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына ұсыну туралы мәлімдеді.

«Хазрет Сұлтан мен Таңғалтас және Ұлы Жібек жолының бойында жатқан тағы 8 қала ЮНЕСКО-ның матералдық-мәдени мұрасы тізіміне енгізілді. Бұл келешек ұрпаққа басы бүтін жеткізу мақсатында қолға алынды», - дейді ол.

Министр, сонымен қатар, қазақстандық мәдени орындарды мемлекеттер тарапынан қорғау керектігіне тоқталды.

«Республикамызда бүгінгі таңда 9 қорық музейі бар. Қазіргі таңда министрлік осыларды қорғау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл біздің тарихымызды насихаттауға, мәдени мұраларымызды барша әлемге паш етуге, сонымен қатар мәдени туризмді дамытуға мүмкіндік береді», - дейді ол.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан археология мен музейлер саласында дамудың бірінші сатысында. «Алдағы уақытта біз осы салада айтарлықтай жетістікке жететінімізге сенімдімін», - деді министр.

Суретті түсірген Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар