• Басты
  • Павлодарда Ж.Аймауытовқа ескерткіш орнатылды

Павлодарда Ж.Аймауытовқа ескерткіш орнатылды

22 Қыркүйек, 2014 19:43
Павлодар қаласында қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, Абайдан кейінгі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, педагог-ғалым Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 125 жыл толу айтулы датаға орай ескерткіш ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Алаш зиялысының құрметіне арналған ескерткіш Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының алдында орнатылды», - делінген хабарламада.

Мүсіннің биіктігі 3,6 метрді құрайды. Ал тұғымен бірге биіктігі - 7,6 метр. Жүсіпбек Аймауытовтың ескерткіші қоладан құйылған, тұғыры қою қара түсті жылтыр граниттен соғылған.

Ескерткіштің авторы - астаналық мүсінші Ермек Тоқтаров. Қала тұрғындары мүсінді көріп, Алаш ардақтысының алып тұлғасын, даралығын көзге елестетеді. Себебі, мүсіншілер бірінші кезекте жазушының бейнесіне мән берген, - деп хабарлады мәдениет басқармасынан.

«Ар алдаспаны - Аймауытов» спектаклі Жүсіпбек Аймауытовтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық театрлар фестивалінде көрерменге жол тартқан болатын.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар