- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бәйдібек би ескерткіші басында болып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін брифинг өткізді
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бәйдібек би ескерткіші басында болып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін брифинг өткізді
«Облыста мемлекеттік бағдарламаларды, соның ішінде индустриялық-инновациялық даму, білім, тұрғын үймен және жұмыспен қамту жөніндегі бағдарламаларды іске асыруда жұмыс жақсы жүріп жатыр деп санаймын. Халық санының жоғары деңгейі әлеуметтік мәселелерге де ерекше назар аударуды қажет етеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары саны жөнінен еліміздегі ірі өңірдің бірі болып саналатынын, бұл жерде жылына 80 мың бала өмірге келетінін, Шымкент тұрғындарының саны миллионнан асуы үшін көп іс атқарылып жатқанын атап өтті.
«Облыста жыл сайын 30-дан астам білім беру нысаны салынады. Жаңа денсаулық сақтау нысандарының пайдалануға берілуі облыс тұрғындарының денсаулығына оң әсерін тигізуде. Бұған қоса, өңірде халқымыздың тарихи және бірегей мәдени ескерткіштері көптеп саналады», – деді Қазақстан Президенті.
Соңында Мемлекет басшысы облыс тұрғындарына бақ-береке және мол игілік тіледі.
Бәйдібек би ескерткіші Шымкент қаласының солтүстік бөлігінде, қаланың ең биік тұсында орналасқан. 6700 шаршы метрлік аумақты алып жатқан ескерткіш демеушілердің, азаматтар мен кәсіпкерлердің қаражатына орнатылған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері