- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында тамшылатып суару жүйесі енгізілуде
Қарағанды облысында тамшылатып суару жүйесі енгізілуде
ҚазАгро хабарлағандай, соның шеңберінде өңір шаруагерлеріне бірегей талаптар ұсынылған: біріншіден, жабдық лизингі бастапқы жарнасыз берілді, ал кепілдікке жүйемен жабдықталған егіс алқаптары қабылданған. Екіншіден, облыс әкімдігі тамшылатып суаруға гектарына 150 мың теңге көлемінде субсидия белгілеп берді, ал сонда тұтас республика бойынша оның көлемі үш есе төменірек.
Жалпы алғанда, «Поливное» ФҚ белгілеген тамшылатып суару жүйесінің құны 17,8 миллионға түсті. Қаражат жылдық 12,8 пайызбен бюджеттен тыс көздерден бөлінді, оның 7 пайызын мемлекет субсидиялайды.
«Біздің шаруашылықтың жалпы егістік алқабы 360 га, ал тамшылатып суару жүйесін алаңы 44 га жерге орнаттық, Көкөністердің түр-түрін өсіреміз - картоп, сәбіз, қырыққабат, пияз, қызылша. Тамшылатып суару жүйелері орнатылған жерлерде өнім жинау жұмысын әлі бастаған жоқпыз, дегенмен, гектарынан 40 тоннаға дейін картоп аламыз деп күтудеміз. Әрине, мелекеттің қолдауынсыз бұған біздің шамамыз келмеуші еді! Алты жылдай «тамшыға» көз салып, байқап жүрдік, шығындарды санап көріп,бір шешімге келе алмай жүрдік. Жердің әрбір гектары 3 мың долларға дейін барады ғой. Ал енді мемлекеттің қолдауымен, «ҚазАгроҚаржы» АҚ ұсынған лизингі арқасында біз өз ақшамызды салған да жоқпыз дерлік, әрі жоспарымыз шындыққа айналды. Жаңа технологияның экономикалық артықшылығын біз ендігі көрдік. Өнім шығымдылығын арттырудан басқа, ол суды да, минералдық тыңайтқыштарды да, тіпті солярканы да үнемдеуге мүмкіндік береді, өйткені егіс даласымен жаңбырлатқышты ерсілі-қарсылы айдап жүрудің қажеті жоқ болады. Сондықтан келесі жылы тамшылатып суарумен егіс алаңын тағы да 100-150 гектарға ұлғайтуды көздеп отырмыз» - дейді «Поливное» фермер шаруашылығының басшысы Абдуахат Ибрагимов.
Сонымен бірге, фермерлер үшін жобаның құнынан 30% көлемінде инвестициялық субсидия көзделген. Сондай-ақ, Қарағанды облысының бюджеті осы аталған қолдау құралдарының үстінен тағы да картопқа гектарына 4500 теңге , көкөніске -14500 теңге есебімен субсидия төлейді. Тұқым мен тыңайтқышты арзандатуға да субсидиялар бар
Тамшылатып суару жүйелерін орнатуды қаржыландыру – «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның басым қаржыландыру бағыты. Барлығы сомасы 2 269,1 млн теңгеге қуаты - 4 488,8 га 30 жоба мақұлданды. Құны 1 908,3 млн теңгеге қуаты - 4 369,8 га 29 жоба Ұлттық қордан және бюджеттен тыс көздерден қаржыландырылды.
-
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы