ШҚО-да өндірістік қауіпсіздік сұрақтары талқыланды

22 Қыркүйек, 2014 10:52
ШҚО-да әкімдік отырысында аймақтың өндірістік қауіпсіздігі талқыланды.

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, 9 әлеуметтік маңызы бар өндірістік тауардың 7-уі бойынша мониторинг жүргізілуде, аймақта қамту пайызы 100-ге тең.

«Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ет өнімдерімен қамту ағымдағы жылы 203 пайызды құрады. 67 мың тонна қажеттілігіне 135,8 мың тонна өндіріледі. Бір адамның қолдану нормасы жылына 48 кг құрайды. Сүт өнімдеріне қатысты: жоспар бойынша қамту көлемі 172,5 пайызды құрайды. 626 мың тонна өндіріледі, ал қажеттілік 362», - деді ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшісі Д.Сейілханов.

Айта кетейік, сүттің жылдық мөлшері 1 адамға 260 литрді құрайды, ал жұмыртқа жылына 139 данаға тең.

«Облыста жүзеге асатын «Жайлау», «Сыбаға», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы ет саласының дамуына оң ықпалын тигізді. Сондықтан да, халықты 100 пайыз етпен қамтамасыз етуге мақсатты жұмыстарды жүргізу қажет. Ол үшін қор бар: жер байлықтары, кадрлар, мал, өндірістік мекеме», - деді Бердібек Сапарбаев.

 

 

Барлық жаңалықтар