• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ж.Қасымбек: Орал әуежайының ҰҚЖ қайта жаңғыртылу барысына тиісті бақылау ұйымдастыру қажет

Ж.Қасымбек: Орал әуежайының ҰҚЖ қайта жаңғыртылу барысына тиісті бақылау ұйымдастыру қажет

22 Қыркүйек, 2014 10:05
ҚР инвестициялар және даму жөніндегі бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек Орал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағының қайта салыну барысы жөнінде кеңес өткізді.

Кеңесте БҚО  әкімі, қайта салу жобасы авторы, мердігер, әуежай басшылығы және техникалық бақылау жөніндегі ұйымы қатысты.

 «Келесі жылдың өзінде-ақ Оралдағы жасанды ұшу-қону жолағының (ҰҚЖ) жағдайы қауіпсіздік талаптарының нормаларына сәйкес келеді және әуежайға қазіргі заманғы әуе кемелеріне қызмет көрсетуге мүмкіндік береді деп күтілуде», - деп хабарлады ведомство.

Қатысушылардың баяндамаларын тыңдағаннан кейін ҚР инвестициялар және даму жөніндегі бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек жиналғандарға жұмыстың орындалу барысына тиісті бақылау ұйымдастыруды, пайдаланылатын материалдардың сапасын жіті бақылауда ұстауды және олардың барлық техникалық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ, жоба құжаттарының талаптарын сақтау және жұмыстарды бекітілген кесте бойынша орындалуы қажеттігі атап өтілді.

Оралдағы әуежайдың ҰҚЖ-ның салмақ көтеру қабілетінің әлсіздігінен бұдан бұрын ауыр салмақты ұшақтарды қабылдай алмауы салдарынан рейстер санын азайтуға мәжбүр болғандығы белгілі.Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталатын әуежайдың ҰҚЖ-ні  қайта салу көлемі артығырақ  қазіргі заманғы әуе кемелеріне қызмет көрсетуге мүмкіндік ашады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында кейінгі 10 жылда Қазақстанда 13 ҰҚЖ қайта салынғандығын естеріңізге саламыз. Қалған 5 әуежайдың ҰҚЖ-н қайта салу жұмыстарын 2018 жылы аяқтау жоспарланған.

Барлық жаңалықтар