- Басты
- Жаңалықтар
- Сырдария ауданында 25 индустриялды жоба жүзеге асырылмақ
Сырдария ауданында 25 индустриялды жоба жүзеге асырылмақ
Облыс әкімдігі хабарлағандай, облыста 263 елді мекен болса, соның 47-сі тіректі ауыл. Ақжарма ауылы да тіректі елді мекендер қатарына енген.
Ауылды өркендетуге республикалық, облыстық, аудандық бюджеттерден 414 миллион теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда ауылдық клуб күрделі жөндеуден өтуде.
«Бұның барлығы ел игілігі үшін жасалып жатқан дүние. Әлі атқарылатын шаруа шаш етектен. Тек нәтиже көрсете білуіміз керек», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Қазірдің өзінде ауылда күріш ақтау цехы іске қосылды. Осы секілді жалпы 25 жоба жүзеге асады.
Өңір басшысы мұнан соң аудан орталығында аграрлық-техникалық колледждің қайта жаңғыртудан өтіп жатқан жатақхана жұмысымен танысты. Бұл ғимарат біраз жылдан бері бос тұрған-ды. Құрылысшылар қараша айына дейін барлық жұмыс аяқталатынын айтып отыр.
Аудандағы бұрынғы №36 мектептің ғимараты қайта күрделі жөндеуден өткізіліп, дербес бөлімдер осында орналастырылды. Аймақ басшысы ғимаратты аралап көріп, енді ел үшін аянбай еңбек ету керектігін айтты.
«Біздің елдің қызметшіміз. Тұрғындар мұнда жанашырын іздеп келуі керек. Сондықтан аяқтарыңыздан тік тұрып қызмет көрсетіңіздер», - деді ол.
Тәртіп, талаптың арқасында салық түсімі артты. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында екі жылда өңірге 7 миллиард теңге шағын несиеге қаржы бөлінді.
«Ақниет» бағдарламасының да шарапатын көріп жатсыздар. Мемлекеттен бөлініп тұрған қаражатты тиімді пайдаланайық, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері