- Басты
- Жаңалықтар
- Атырауда ЖИТС-тің алдын алу орталығы ашылды
Атырауда ЖИТС-тің алдын алу орталығы ашылды
Облыс әкімдігінде хабарлағандай, заманауи талаптарға сай барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған ЖИТС-пен күрес және алдын алуға арналған типтік ғимараттың ел бойынша бірінші болып Атырау облысында ашылды.
Жаңа ғимараттың лентасын қию рәсімін облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан мен НКОК консорциумының Сыртқы қатынастар бойынша директоры Пьер Дельпон жасап, орталық ішімен танысып шықты.
Бұрын бір ғана серологиялық бөлімшеден құралған зертхана бірнеше соңғы үлгідегі құралдармен қамтылған. Мәселен, зертхана меңгерушісі Татьяна Меньщикованың сөзіне қарағанда, толықтай автоматтандырылған бөлімшеде халық арасында АИТВ антиденелеріне скрининг жүргізіледі.
«Сонымен қатар, гепатиттер мен ЖИТС индикаторлы инфекцияларды анықтауға мүмкіндік бар. Ал иммунология бөлімшесінде иммундық статусты анықтайтын арнайы құралдар, клиникалық биохимиялық бөлімшеде гемотологиялық анализаторлар орын алған. Мұндағы технологияның барлығы дерлік АҚШ-та жасалған», - делінген хабарламада.
«Мысалы, біз бұрын кейбір талдауларды Ақтөбе, Оралда жасайтынбыз. Енді ауруды уақтылы анықтауға өзіміздің де мүмкіндігіміз бар», - дейді орталықтың бас директоры.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет