- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында жаңа көпірдің құрылысы мерзімінен бұрын аяқталды – әкімдік
Қызылорда облысында жаңа көпірдің құрылысы мерзімінен бұрын аяқталды – әкімдік
«Осы уақытқа дейін 13 елді мекеннің жиырма мыңнан астам адамы аудан орталығына қатынау үшін 120 шақырым жолды айналып өтетін. Енді тек 20 шақырым жүретін болады. Осыдан екі жыл бұрын басталған құрылыс жұмыстары қаржы тапшылығына байланысты іркіліп қалған болатын. Соның салдарынан дарияның арғы бетіндегі 21 мыңға жуық адам қыста қайықпен, жазда тозығы жеткен қалқымалы көпір арқылы бергі жағалауға қатынайтын», - делінген хабарламада.
Айта кету керек, көпір құрылысы бір айдан соң бітуі тиіс болатын. Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өз сөзінде 220 метрге созылатын көпір құрылысы қолдау мен саясаттың арқасында өлшенгенін атап өтті. «Елбасы айтып өткендей, аудан орталығы Тереңөзек кенті мен 21 мың халқы бар 13 елді мекенді жалғап тұрған көпір өңіріміздің экономикасының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашатын болады», - деді аймақ басшысы.
Бұл - үлкен жұмыстардың тек бастамасы. Келер жылы Қазалы мен Қармақшы аудандары арасындағы көпірдің құрылысы басталмақ. Ал облыс орталығында Сырдарияның сол жақ жағалауын құрылысына байналысты көпір құрылысы да жүргізіледі.
Аудан тұрғындарын ұзақ бойы күткен қуанышы мен еңбек ардагері Ыдырыс Қалиев, және экс-депутат, ҚР бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов, соғыс және еңбек ардагері, ауданның құрметті азаматы Яхия Тасыров құттықтады.
Қуаныш куәгерлері жаңа көпірмен алдымен астықпен тиелген «Қызыл керуен», сонымен қатар жаңадан отау тігіп жатқан «Жұбайлар керуені» жүріп өтті. Ал Сырдария жағалауында жиналған қауымға мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері