Елбасы Татарстан Республикасының Президентімен кездесті

20 Қыркүйек, 2014 15:39
Елбасы Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Кездесу барысында ынтымақтастықтың сауда-экономика және мәдени-гуманитарлық салаларындағы негізгі мәселелері талқыланды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Рустам Минниханов өзге де бірқатар салаларда өзара іс-қимылды дамытуға үлкен әлеует бар екенін атап өтті. 

Барлық жаңалықтар