- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда денсаулық сақтау мен әлеуметтік даму мәселелері талқыланады
Алматыда денсаулық сақтау мен әлеуметтік даму мәселелері талқыланады
Г.Н.Әбдіқалықова қала басшылығымен және тұрғындармен бірқатар кездесулер өткізіп, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы проблемалық мәселелерді талқылап, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тиімділігін арттыру бойынша міндеттер қояды.
Соңғы 3 жылда Алматыда денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі 33% артты. 2014 жылы қаланың бір тұрғынына шығын 42 517 теңгені құрады. Алматыда «100 мектеп, 100 аурухана құрылысы» және «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік тіректер және емханалар құрылысы» жобалары іске асырылуда.
«Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі қағидаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Жүйе алғашқы медициналық алғашқы көмек деңгейінде қызмет сапасын арттыруды қамтамасыз етуге қажетті емханалар арасында бәсекелестік орта қалыптастырады. Сондай-ақ, алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандары үшін жан басы нормативіне ынтыландыру компонентін (учаскелік дәрігердің жалақысына берілетін қосымша еңбекақы көлемі жұмыс нәтижесіне байланысты болады) енгізу жұмыстары жалғасуда», - делінген хабарламада.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері