Қазақстандық-Американдық еркін университет 20 жылдығын тойлауда

21 Қыркүйек, 2014 13:06
Қазақстандық-Американдық еркін университетке 20 жыл толды.

«1994 жылы құрылған Қазақстандық-Американдық еркін университет ағымдағы жылы мерей тойын атап өтуде. Осы уақыт аралығында 10 мың маман дайындалды, оның 4 мыңы ағылшын тілін еркін меңгерген. 625 магистр мен докторант АҚШ-тағы халықаралық бағдарламалар мен тағылымдамалардың қатысушылары атанды. ЖОО түлектері бүгінде әлемнің әр түкпірінде еңбек етуде", - деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

2014 жылғы ЖОО ұлттық рейтингінің қорытындысы бойынша ҚАЕУ Қазақстанның үздік гуманитарлық-экономикалық университеттерінің бестігіне кірді.

Мерей тойлық шаралар аясында ғалымдар кеңесінің салтанатты отырысы өтті.

Мерекеге АҚШ-тан 25 шетелдік әріптес келді.Олар екі елдің ынтымақтастығы өз жемісін беріп жатқанын атап өтті. 

Барлық жаңалықтар