Мәжілісмендер сенбілікте 150-ден астам шаған мен үйеңкі ағашын отырғызды

20 Қыркүйек, 2014 14:32
Мәжілісмендер жалпықалалық сенбілікке қатысты.

«Бүгін Қазақстан Парламенті Мәжілісі депутаттары мен Аппарат қызметкерлері жаппай сенбілікке қатысып, дәлірек айтқанда,  Мұстафина мен Индустриальная көшелері аралығында шаған, үйеңкі ағаштарын қосқанда жиыны 150-ден астам жас талдар отырғызды», - деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Әдемілік ешқашан артықтық етпейді. Ал бүгінгі отырғызылып жатқан тал-терек,  болашақ жасыл желек арайлы Астананың сұлулығын арттырып, халықтың денсаулығын нығайтып, әсем де жасыл қалада өмір сүруіне қолайлы жағдай туғызбақ.  

 

Барлық жаңалықтар