«WAKE UP 2014» форумында «жасыл экономиканың» 10 жобасы таныстырылды (ФОТО)

21 Қыркүйек, 2014 12:33
Ақкөл қаласында «WAKE UP 2014» Қоғамдық Жастар Форумы өтті, шараны Ақкөл ауданы әкімдігінің қолдауымен «Тұрақты даму» жер қоры ұйымдастырды.

«Шара қонақтары ішінде  Ұлыбритания,Нидерланды, АҚШ, Ресей елдері елшілігінің өкілдері, Алматы, Семей, Павлодар, Астана, Атырау,Ақтау, Көкшетау қалаларының инвестициялық компания делегаттары  болды», - деп хабарлады «Ақмола медиа орталығы».

Қоғамдық жастар форумының ұйымдастырушылары «жасыл экономика» тәртібінде жастардың әлеуетін арттырып, соңынан жұмыспен қамту мәселелерін көздейді.

Шара барысында ҚР энергетика министрлігі департаментінің директоры Бекберген Керей министр Владимир Школьниктің сөзін оқып берді, ол жастарды Мемлекет басшысы бекіткен жасыл экономика тұжырымдамасының жүзеге асуына белсенді араласуға шақырды.

Форумда үкіметтік емес ұйымдардың он шақты жобасы таныстырылды. Ол Ақкөл қаласының дамуына бағытталған. Көптеген жобалар форумға қатысушылардың қызығушылығын арттырды. 

Барлық жаңалықтар