- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сапарбаев: Біздің кадрлар заманауи тәртіптерге сай болуы керек
Б.Сапарбаев: Біздің кадрлар заманауи тәртіптерге сай болуы керек
Конгресске еңбек ұжымдары, ШҚО кәсіподақ ұйымдары, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, ардагерлер, жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты.
ШҚО ақпараттық орталығы хабарлағандай, мерекелеу аясында техникалық және кәсіптік білім беру орталықтары ұйымдастырған көрме мен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
«Біздің кадрлар барлық заманауи тәртіптерге сай келуі тиіс. Жас мамандар уақыттың өзгеруіне бейімделуі тиіс. Өкінішке қарай, жоғарғы оқу орындарының жетекшілері бұған аса назар аудармайды. Оқу жоспарын қайта қарап шығу қажет. Бұл үшін әрине қаржы да керек, бұл шешілетін проблема», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
Сондай-ақ, мереке қарсаңында өңірде «Өз ісінің хас шебері» атты кәсіптік шеберліктің байқаулары өтті. Оған 97 адам қатысты, оның ішінде 78-і ШҚО-ның 65 кәсіпорын өкілі, 16 шебер 11 колледждің мамандары болса, 3 қатысушы өзін өзі қамтушылар.
«Менің ата-бабам еңбек адамдары болған. Менің әкем мен атам шопан болған. Мен олардың ізімен кеттім десек те болады. Мен жоғары техникалық білім алдым, бірақ бітірген соң өз отаныма қайтадан келіп өз шаруа қожалығымды аштым. «Рауан» атты шаруашылықтың қожайынымын», - деді жас қатысушылардың бірі Рауан Ақылбекұлы.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
САЙЛАУ-2021: Өңірлерде қанша әкім сайланады -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері