• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенаторлар құқық қорғау органдары мен соттарды реформалау мәселесін талқылады

Сенаторлар құқық қорғау органдары мен соттарды реформалау мәселесін талқылады

19 Қыркүйек, 2014 18:49
Ақтөбе қаласында ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі мен құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбайдың төрағалығымен комитеттің көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын іске асыру аясында ҚР құқық қорғау органдары мен соттарды реформалау мәселесі талқыланды.

Отырыс жұмысына Сенат депутаттары, Ақтөбе облысының  әкімі Архимед Мұхамбетов, сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының  өкілдері қатысты.

Серік Ақылбай отырыс қатысушыларына «Қазақстан-2050» Стратегиясының басым бағыттарының бірі құқық қорғау жүйесін жаңғырту бойынша арнайы бағдарлама негізінде құқық қорғау органдарын реформалау туралы айтты.  

«Биыл Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалды, Қылмыстық-атқару кодекстері мен Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы кодекс қабылданды. Қазіргі таңда Сенатта «Сот жүйесі және Қазақстан Республикасы қазыларының мәрбетесі туралы» конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралып жатыр», - дейді сенатор.

Отырыс барысында қабылданған ұйымдастыру, техникалық, кадрлық және құқықтық шараларға қатысты аталмыш кодекстерді тәжірибелік пайдалануға бағытталған нақтылықты қамтамасыз ететін жаңа кодекстердің күшіне енуіне мүмкіндік беретін жұмыстарды ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Барлық жаңалықтар