Алматы облысында құрлық портының құрылысы жүруде

19 Қыркүйек, 2014 16:51
Алматы облысында Қазақстан бойынша ірі стратегиялық маңызға ие құрлық портының құрылысы жүріп жатыр, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

«Облыстың трансшекаралық орналасуы өңірдің дамуына мол мүмкіндіктер ұсынады. Осы тұрғыда ең алдымен біз экономикалық пайданы көріп отырмыз. Өңірдің транзиттік әлеуетін дамытудың бір жолы Алтынкөз станциясының жанында құрлық портын салу болып табылады. Бұл стратегиялық нысанды «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы салып жатыр. ТМД-да теңдесі жоқ бұл нысанды Мемлекет басшысының өзі тапсырма беріп салдыруда. Қазіргі таңда құрылыс жүргізіліп жатыр», - дейді ол.

Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, құрлық порты транс-ұлттық маңызға ие ірі логистикалық нысан болмақ.  

«Облыс әкімдігі аталмыш жобаны іске асыруға белсенді араласуда. Айта кету керек, теңдессіз жоба оңтүстік шығыс Азия, Еуразия құрлығы, Қытай мен Таяу Шығыс елдерімен экономикалық байланысты кеңейтпек», - деді ол.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар