Астанада 8 айдың ішінде байланыс саласы 99 млрд теңгенің қызметін көрсетті

19 Қыркүйек, 2014 18:05
2014 жылғы қаңтар-тамыздағы жедел деректер бойынша, қаланың байланыс саласының кәсіпорындары 99114,3 млн. теңге сомасында қызмет көрсетті.

Астана қаласының статистика департаменті хабарлағандай, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 8,9%-ға жоғары.

2014 жылғы қаңтар-тамыздағы байланыс қызметінің табыстар құрылымында жедел әрекетті байланыс - 69,8%, интернет -  15,2%, қалааралық және халықаралық байланыс түрлері - 1,5%, жергілікті телефон - 2,1%, өзге де байланыс түрлері - 11,4%-ды құрады.

Табыстың жалпы көлемінің 71,2%-ы халыққа байланыс қызметін көрсетуден түсіп, 70591,5 млн. теңгені құрады және 2013 жылдың сәйкес кезең деңгейінен 2,8%-ға жоғары.

Кәсіпорындардың пошталық және курьерлік қызмет көрсету саласынан түскен табысы  1019,6  млн.теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезең деңгейінен  7,6%-ға жоғары.

Барлық жаңалықтар