• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы облысында Индустрияландыру картасы бойынша 7 мың жұмыс орны ашылды – Баталов

Алматы облысында Индустрияландыру картасы бойынша 7 мың жұмыс орны ашылды – Баталов

19 Қыркүйек, 2014 16:01
Индустрияландыру картасы аясында 47 жоба 7 мың жұмыс орнының ашылуымен іске қосылды, деп ОКҚ брифингінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.

«Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өндірістің 55 пайызын құрады. Индустрияландыру картасы аясында 320 млрд теңгенің 59 жобасын жүзеге асыру жоспарланған, оның 253 млрд теңгесіне 47 жоба іске асырылды, ол 7 мың жұмыс орнын қамтамасыз етті», - деді ол.

Әкім атап өткендей, Алматы облысының өндірістік әлеуетін 900 кәсіпорын таныстырады.

«Өндірістік әлеует 860 кәсіпорынның арқасында, оның 200-ден артығы астық өнеркәсібінің еншісінде. Экономикадағы үлесі 20 пайызды құрайды, азық-түліктің 70 түрі өндіріледі. Өздеріңізге белгілі брендтер: «Фудмастер», «Данон», «Бүркіт», «Адал»», - деді ол.

А. Баталов атап өткендей, бүгінгі таңда толық қуаттылыққа 38 жоба шықты. Қалған 9 жоба бойынша өнеркәсіптік технологиялардың қайта қарау үрдісі жүруде.

«Экономика өсімін есепке ала отырып, 3 индустрияландыру аймағы мен 2 өндірістік аймақ әзірленуде, ол жерде 67 басты сала бар, тағы 2 индустрияландыру аймағын Қайрат-Талғар ауданында орнату жоспарланған, сондай-ақ Жамбыл ауданындағы Қазыбек-Бек станциясына да орнату жоспарда бар», - деді ол.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар