- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 6 ай ішінде 5,5 мың мүгедек жұмысқа орналасты – Нұр Отан
Қазақстанда 6 ай ішінде 5,5 мың мүгедек жұмысқа орналасты – Нұр Отан
«Нұр Отан» партиясы хабарлағандай, бүгінде партияның барлық өңірдегі қоғамдық қабылдау бөлмелеріне мәселелері мен проблемаларын айта келетін мүмкіндігі шектеулі жандар қатары артуда. Бұған дейін келіп түскен 11 мың өтініш бақылауға алынып, оның 90 пайыздан астамы оң шешім тапты.
Сонымен қатар, партия өкілдері аймақтарда инфрақұрылым нысандарының мүгедектер үшін қолжетімділігі бойынша тәуелсіз сараптамалық тексеру жүргізуде.
Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын тізімдеу бойынша жаңа әдістеменің жобасы әзірленді, бұл мүгедектер үшін кедергісіз орта ұйымдастыру үдерісін бақылауға мүмкіндік бермек.
«Сондай-ақ, тәуелсіз бағалауды және мүгедектер үшін жұмыс орындарын ұйымдастыру, мемлекеттік және әлеуметтік қызмет стандарттары бойынша заңнамаға ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік ұсынбақ», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, «Кедергісіз келешек» жобасының аясында мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы әзірленді, соның ішінде 7 Кодекске және 24 заңға түзету енгізу қарастырылуда.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды