- Басты
- Жаңалықтар
- Казнетке 20 жыл толды
Казнетке 20 жыл толды
Іс-шараның ұйымдастырушылары: ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен Қазақстандық IT-компаниялар ассоциациясы, «Инфокоммуникациялық технологияларды дамыту қоры», Қазақстандық интернет-бизнес пен мобильдік коммерция ассоциациясы, «Казконтент» АҚ.
«Біз интернеттің қазақстандық сегменті және жалпы АКТ саласының дамуында маңызды бетбұрысты кезеңдерді бастан кешірдік. Бұдан 10 жыл бұрын интернет-пайдаланушылардың саны халықтың 4% да құрамады, ал бүгінгі күнде олардың саны 12 млн. адамға жетті. Қазақстандықтар барлық қалалар мен көптеген аудан орталықтарында 3G жылдамдығындағы интернетті қолдануда, облыс орталықтарында 4G қызметі іске қосылды, FTTH сымды технологиясы дамып келеді. Келесі жылы біз барлық ауыл елді-мекендерін жоғарғы жылдамдықпен қамтамасыз ету үшін «Оптикамен ауылға» жобасын бастаймыз. Инфрақұрылымды дамытумен қатар, бүгін интернет арқылы пайдалануға болатын электрондық үкіметтің қызметтері мен сервистеріне үлкен назар аударылып келеді. Бүгінгі күні олардың саны 570-тен асты.» - деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде инвестициялар және даму вице-министрі Асқар Жұмағалиев.
2014 ж. 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша .kz доменінде 115 мың атау, ал .қаз доменінде 1800 атау тіркелген, 30-дан астам провайдер хостинг қызметін көрсетуде, тіркелудің бөлінген жүйесі енгізілді, деп хабарлады инвестиция және даму министрлігі.
Қазақстандық IT-компаниялар ассоциациясының төрағасы Нұрлан Исин өз баяндамасында Казнеттің 2004 жылдан бастап қарқынды дами бастағанын, және сала дамуына мемлекеттің қатысуы арқасында магистралды байланыс каналдары мен интернетке сымсыз қатынау мүмкіндігінің пайда болғанын атап өтті.
«Казнет дамуындағы жетістіктер Интернет пайдаланушылары санының өсуіне алып келді, бұдан бөлек Қазақстан «Wikipedia»-дағы мақалалар саны бойынша 75 орынға көтерілді.» – деп толықтырды Исин.
Дөңгелек үстел аяқталысымен Алматы қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында қаланың ресми тұлғалары, ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі мен жеңімпаз-сайттардың өкілдері AWARD.KZ Ұлттық интернет-сыйының 11 жылы ішіндегі жеңімпаздары аллеясының іргетасын қалады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда