• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мехикодағы роуд-шоуда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

Мехикодағы роуд-шоуда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

19 Қыркүйек, 2014 17:18
Кеше, 18 қыркүйекте Мехико қаласына жасаған ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың ресми сапары барысында Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері көпшілік назарына ұсынылды.

«Шара аясында әлеуетті мексикалық инвесторларға Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары, сонымен қатар мұнай-химия, кен-металлургия мен Қазақстанның геологиялық саласының даму болашағы және бүгінгі хәлі айтылды», - делінген хабарламада.

Роуд-шоуды Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігі және мексикалық ProMexico сауда және инвестиция агенттігінің қолдауымен Ұлттық «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестиция агенттігі ұйымдастырды.

Мексика тарабынан шараға елдің экономика министрі Ильдефонсо Гуахардо Вияреала бастаған ACCIVAL, COMCE, Grupo Naviero de México, Mabe Internacional, PEMEX секілді көптеген компаниялардан тұратын 20-дан астам ұйым мен компания қатысты.

Шара қорытындысы бойынша, екі елдің іскерлік орталары арасында бірқатар келіссөздерге қол жеткізіліп, соның ішінде Mabe Internacional компаниясымен ҚР-да тұрмыстық техника шығару  туралы келісімге қол қойылды.

Барлық жаңалықтар