• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-да қытайлармен бірігіп Полковничний аралында туристік база құрылысының жобасы таныстырылды

ШҚО-да қытайлармен бірігіп Полковничний аралында туристік база құрылысының жобасы таныстырылды

19 Қыркүйек, 2014 19:32
ШҚО-да ҚХР СҰАР Тарбағатай округі делегациясы Полковничний аралында туристік база құрылысының жобасын таныстырды.

ШҚО ақпараттық орталығының хабарлауынша, қонақтар Семей қаласындағы аталмыш аралдағы «Өлімнен күшті» монументті тамашалап, ССЯП-дағы ядролық сынақтан зардап шеккендерді еске алды. Қонақтар Қазақстан Президентінің ядролық полигонды жабу мен ядролық қарудан бас тарту идеясының дамытудағы орнын ерекше атап өтті.

Семейде делегация басшысы ҚХР СҰАР Тарбағатай округі партия комитетінің бірінші хатшысы Жан Бо өңір әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесіп, тараптардың ынтымақтастығындағы басты мәселелер ортаға тасталды.

Қытай өндірушілері шығыс қазақстандықтарға көкөніс пен жеміс-жидек тасымалдауға мүдделі, ал өз кезегенде жергілікті тауар өндірушілер олардың нарығына ет пен сүт өнімдерін, марал шаруашылығы  мен бал өнімдерін жеткізе алады.

«Қазіргі таңда Қытайда Чугучак және Қарамай арасындағы темір жол құрылысы жүріп жатыр. Енді осы жолды Аягөзге тарту туралы ұсыныс тастап отыр қытай тарабы», - делінген хабарламада.

 

Барлық жаңалықтар