ҰКП-нің қолдауымен Алматының 90 компаниясы сайт әзірледі

19 Қыркүйек, 2014 15:02
«Тактика» сервистік компаниясы «Бизнеске сервистік қызмет көрсету» жобасы аясында Алматы қаласының ҰКП-мен келісім шарт орнатты, ол 90 компанияға өз сайтын әзірлеп, интернеттің жаңа қызметін иеленуге мүмкіндік береді.

«IT қызмет бойынша сервистік қолдау көрсету аясында біздің компания кәсіпкерлер үшін тегін сайт әзірлейді. Сондай-ақ, біз сайтты одан әрі дамыту жайында кеңес береміз», - деді «Тактика» компаниясының директоры Наталья Махно.

Сайтты құру барысында тұтынушының көзқарасы, қалауы ескеріледі.

Өз сайтына ие болу үшін кәсіпкерге Кәсіпкерлер палатасы мақұлдаған арнайы өтінішті толтыру қажет. Одан кейін кәсіпкерді электрондық тізімге енгізеді, деп Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы хабарлады.

«Интернеттегі өтініштерді көріп, мен Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасына бардым, ол жерде тегін қызмет түрін ұсынды. «Тактика» компаниясына келіп, компанияның бухгалтерлігіне бағдарлама орнаттым, сосын өз кәсіпорныма тегін веб-сайт аштым. Енді менің бизнесім жаңа даму деңгейіне шықты», - деді жас кәсіпкер Милана Бейноева.

Айта кетерлігі, «Бизнесті сервистік қолдау» жобасы бойынша 700 алматылық кәсіпкер қызметтің 7 түрі бойынша көмекке ие болды. 

Барлық жаңалықтар