• Басты
  • Н.Назарбаев: Қазақстан – бәрімізге ортақ бейбітшлік пен келісім мекені
19 Қыркүйек, 2014 11:48

Н.Назарбаев: Қазақстан – бәрімізге ортақ бейбітшлік пен келісім мекені

Бүгін Мемлекет басшысы Н.Назарбаев қазақстандықтарды алғашқы ұлттық «Мерейлі отбасы» байқауының мәреге жетуімен құттықтады.
Н.Назарбаев: Қазақстан – бәрімізге ортақ бейбітшлік пен келісім мекені

«Құрметті қазақстандықтар, сіздерді салтанатты түрде құттықтауға рұқсат етіңіздер. Мен сіздерді «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының өз мәресіне жетуімен шын жүрекпен құттықтаймын. Бұл барлық 17 млн қазақстандықтың ортақ мерекесі. Біз осынау мемлекетте бейбітшілік пен келісімді қатар ұстап, үлкен отбасы ретінде тату өмір сүріп отырмыз. Біз өзіміздің, балалар мен немерелеріміздің ел қатарлы өмір сүріп, өмір сүру деңгейлерін көтеріп, әр шаңырақтың өз баспанасы болатындай мемлекет пен халықтың әл-ауқатын биік деңгейге көтердік. Қазіргі таңда елімізде тоқшылық пен шаттық салтанат құрды. Бұл барлық қазақстандық отбасындағы басты байлық емес пе?! Бұны бірінші кезекте мемлекет өз халқы үшін жасады. Бұл халықтың басты жетістігі», - дейді Елбасы.

Естеріңізге сала кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған. Алматы мен Астана қалаларында және барлық облыс орталықтарында өңірлік кезең өтті. 

Барлық жаңалықтар