- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында «Тіл жанашыры» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
Қарағанды облысында «Тіл жанашыры» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
«Байқауға түрлі мекемелер мен ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері,электрондық және баспа БАҚ тілшілері, жастар, мемлекеттік қызметшілер қатысты», - деп хабарлады облыс әкімдігі.
«Әрине, жер бетіндегі кез-келген ұлт үшін өзінің ана тілінен артық тіл жоқ. Асыл көп болғанымен тілден биік асқар жоқ, тілден асқан бақыт жоқ. Себебі, тіл – халықтың болмысы, асыл мұрасы, тарихы мен тағдыры, ұлттың ары мен жаны. Мемлекеттік тіл – елдің тұғырлы тірегі. Ынтымағының, ұлылығы мен бірлігінің діңгегі. Мәңгілік соғар жүрегі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев баса айтқандай, «тіл - ұлтты күшейтудің бірінші тетігі», - деді өзінің құттықтау сөзінде Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.
Бүгінгі күні тұрғындар арасында мемлекеттік тілді меңгеруге деген құлшыныс өте зор, талабы мол. Облыс бойынша заманауи құралдармен жабдықталған оқыту орталықтары жұмыс істеуде, мемлекеттік тілді оқыту курстары ұйымдастырылды, аймақтық арналар -арнайы телехабарлар таратуда.
Мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдерінің саны жыл санап артуда. Облыс көлемінде қазақ тілінде оқытатын мектептер мен балабақшалар саны жылдан жылға көбеюде. Сонымен қатар, түрлі байқаулар өткізіліп, инновациялық жобалар қолға алынуда. Ең бастысы, жұртшылық санасында – ұлттық құндылықтарға үлкен ізет, тілге деген терең құрмет орнығуда.
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды -
Қарағанды облысында мұғалімдер вакцина ала бастады -
Е.Алтынбеков: Жамбыл облысында адвокаттар саны артып, нотариус қызметіне өзгерістер енгізілді