• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2050 Стратегиясы ЕАЭО-ның толыққанды жұмысқа кірісуін жеделдетеді - М.Бочарников

2050 Стратегиясы ЕАЭО-ның толыққанды жұмысқа кірісуін жеделдетеді - М.Бочарников

19 Қыркүйек, 2014 13:32
Бүгінгі таңда Қазақстан Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікті нығайтуға және дамытуға күш салуда. Осы орайда «Қазақстан-2050» Стратегиясы Еуразиялық экономикалық одақтың да толыққанды жұмысқа кірісуін жеделдетеді, деп мәлімдеді РФ-ның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі М.Бочарников.

«Соңғы жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесі бойынша, Қазақстан халқының 73 пайыздан астамы КО, БЭК жұмыс істеуін және ЕАЭО құрылуын қолдайтыны анықталып отыр. Ресей мен Беларусьте де Еуразиялық экономикалық интеграцияны қолдау деңгейінің жоғары екені байқалады», - дейді М.Бочарников.

Сонымен қатар, елші «Қазақстан-2050» Стратегиясының Еуразиялық экономикалық одақтың толыққанды жұмысқа кірісуін жеделдететінін айтты.

«Бүгінгі таңда Қазақстан Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікті нығайтуға және дамытуға күш салуда. Осы орайда «Қазақстан-2050» Стратегиясы Еуразиялық экономикалық одақтың да толыққанды жұмысқа кірісуін жеделдетеді», - дейді ол.

Оның айтуынша, Ресей өзінің жақын әріптесі және одақтасы болып табылатын Қазақстанға «Қазақстан-2050» Стратегиясында алға қойылған міндеттемелерді іске асыруына тілектестік білдіреді.

Бауыржан Мұқанов 

 

Барлық жаңалықтар