- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО дәрігерлері Литвада өткен медициналық көмек көрсету сайысында жүлделі орынға ие болды
ОҚО дәрігерлері Литвада өткен медициналық көмек көрсету сайысында жүлделі орынға ие болды
«Шараға Литва, Германия, Польша, Қазақстан, тағы да басқа елдерден 30-дан аса команда қатысып, өз бақтарын сынады. Ал, Қазақстанның намысын Алматы мен Шымкент қалаларынан келген командалар қорғады», - деп хабарлады облыс әкімдігі.
Атап айтқанда, оңтүстікқазақстандық команданы Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету станциясының бас дәрігері Г.Құрманбекова бастап барды.
ОҚО командасы 2-орынды иеленіп, асқынған коронарды синдром, ми қанайналымының асқынған бұзылысы, көпшілік орында жарақат алуда қандай жедел жәрдем көрсету керектігін біліктіліктерімен дәлелдеді.
Әсіресе, «Миды құтқарушы» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылып, тез және сапалы алғашқы медициналық көмек беріп, теориялық жағынан да, практикалық жағынан да дәрігерлеріміз өздерінің шеберліктерін керемет дәлелдеді.
Шымкенттік дәрігерлер Каунастағы жедел медициналық көмектің құрылымымен, жабдықталуымен, ұйымдастыру жұмыстарымен де танысып, тәжірибе бөлісті.
Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету саласында қолдану үшін жаңа технологиямен танысты. Осылайша даярлықтан өткен мамандар алдағы уақытта жедел медициналық көмек көрсету бойынша оқу лабораториясының тренерлері болады деп күтілуде.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі