- Басты
- Жаңалықтар
- Мәскеуде «XX-XXІ ғасырлардағы Қазақтың лирикалық поэзиясы» атты шығармашылық кеш өткізілді (ФОТО)
Мәскеуде «XX-XXІ ғасырлардағы Қазақтың лирикалық поэзиясы» атты шығармашылық кеш өткізілді (ФОТО)
Ресей елордасының «рухани орталықтарының» бірі болып қалыптасқан Орталық әдебиетшілер үйінде А.Құнанбаев, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, О.Сүлейменовтың және басқа да ұлы қазақ ақындарының мәңгілік туындылары оқылды.
Қазақтың белгілі әншісі (жыршысы) Бекболат Тілеухан өз өнерін көрсетуімен кештің бағдарламасын байытты.
«Іс-шараға Мәскеудегі Қазақ диаспорасының, оның ішінде «Мұрагер» және «Қазақ тілі» атты қазақ мәдениеті қоғамдарының мүшелері, мәскеудің жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттер, Ресей елордасында орналасқан ҚР ұлттық компаниялары филиалдарының өкілдері, және сүйікті ақындарының туындыларын естегісі келген басқа да отандастарымыз қатысты», - деп сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Орталық әдебиетшілер үйін 30 жыл бойы басқарып келе жатқан Галина Максимованың айтуы бойынша, осы секілді іс-шаралар оның еңбек тәжірибесінде әдебиетшілер үйінде алғашқы рет өткізілуде және бұл кеш көркем сөздің танушыларына ұмытылмас іс-шараға айналғаны сөзсіз.
Нұрсұлтан Рейімхан, Әділет Рақымбаев, Нұрқанат Молдахан, Перизат Ярлықасынова және Бақытгүл Ахметқалиева секілді жас әрі дарынды актерлар классикаға айналған аталмыш ақындарының әйгілі туындыларын шын жүрегімен беріліп оқыды.
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай