• Басты
  • Жаңалықтар
  • Өңірлерде кластерлік бастамаларды қолдау мәселелері бойынша семинар-кеңестер өтеді

Өңірлерде кластерлік бастамаларды қолдау мәселелері бойынша семинар-кеңестер өтеді

19 Қыркүйек, 2014 10:32
2014 жылғы 24 қыркүйектен бастап 15 қазанға дейін Қазақстанның өңірлерінде кластерлік бастамаларды қолдау мәселелері бойынша көшпелі семинар-кеңестер өткізу жоспарлануда.

«Семинарларды Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-пен (бұдан әрі – «ҚИДИ» АҚ)  бірлесіп ұйымдастыруда», - деп  хабарлады ИДМ.

Семинардың жұмысына министрліктердің, даму институттарының, жергілікті атқарушы органдардың, өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері, сондай-ақ ҰКП, ӘКК, АЭА және т.б. өкілдері қатысатын болады.

Семинарларды төменде көрсетілген мерзімдер бойынша мына қалаларда өткізу жоспарлануда:

Семинарлардың басты тақырыптары индустрияландырудың екінші бесжылдығының шеңберінде кластерлік бастамаларды қолдау, сондай-ақ  аумақтық кластерлерді құру және дамытудың әдіснамалық тәсілдері болып табылады.

Бұдан басқа, аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өңірлерді мамандандыруды тереңдетуге жәрдемдесу мәселелері қарастырылатын болады.

Тұтастай алғанда, семинарлар қорытындылары бойынша аумақтық кластерлерді дамыту саясатын қалыптастыру жөнінде  ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленеді.

Барлық жаңалықтар