Семейде 250 млн теңгелік дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

19 Қыркүйек, 2014 09:32
Семейде спорт күресі мен ауыр спорт түріне арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Жобаның құрылысына 250 млн теңге жұмсалды.

«Кешенде бокс, дзюдо, таэквондо, ауыр атлетика  залдарын ашу жоспарланған.  Нысанда табиғи газон төселген   футбол алаңы бар, оның айналасына жүгіру жолы төселеді. Сондай-ақ, турниктер мен қолды жаттықтыратын құрылғылар орнатылады», - деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы өңірде 3 спорттық нысанды жүзеге асыру басталды. Олар Тарбағатай ауданының Ақсауыт ауылында  спорттық модуль және Катон-Қарағай ауданының Үлкен Нарын ауылында  дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылында  дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде  байқаулық үрдістер жүргізілуде. 

Барлық жаңалықтар