• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Жазылбеков: 7 жылдық өтілі бар автомобильдер техникалық байқауға мұқтаж емес (Брифинг бейнебаяны)

Н. Жазылбеков: 7 жылдық өтілі бар автомобильдер техникалық байқауға мұқтаж емес (Брифинг бейнебаяны)

18 Қыркүйек, 2014 16:04
7 жылдық өтілі бар автомобильдер техникалық байқауға мұқтаж емес, деп ОКҚ брифингінде Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақжол партиясының» мүшесі Нұрлан Жазылбеков мәлімдеді.

«Біз бүгін техникалық байқаудың қоршаған ортаға қаншалықты зиян келтіретінін қарастырамыз. Статистика көрсеткендей, көліктің ақаулары түзелмеген жағдайда  жол көлік оқиғаларының пайыздық көрсеткіштері азайды. Біз қазір дайындаушы зауыттарға көлікті дайындаған кезде 2-5 жылға дейін кепілдік беруіне назар аударып жатырмыз. Қазіргі қоғамда бір де бір адам көлігінің ақауы бар екенін білсе рөлге отырмайды», - деді ол.

Ол атап өткендей, техбайқауды жүргізу- жемқорлықты  гүлдендіретін  сала.

«Бүгінгі таңда бізде техникалық байқау жүргізілетін өңірлер көп. Алайда, техникалық қаржы орнына тек қана суретті көрсету арқылы техбайқаудан өтеді», - деді ол.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар