• Басты
  • Жаңалықтар
  • Әлемдік автомобильсіз күні Алматы метрополитенінде жолаушы билеті 50 пайызға төмендейді

Әлемдік автомобильсіз күні Алматы метрополитенінде жолаушы билеті 50 пайызға төмендейді

18 Қыркүйек, 2014 18:45
22 қыркүйек күні Алматыда Әлемдік автомобильсіз күні өтеді.

«22 қыркүйек – «Әлемдік автомобильсіз күн». Бұл күні жеке көлігі бар жандар қоғамдық көлікке отырып, велосипед теуіп, жаяу жүреді», - деп хабарлады қала әкімдігінде.

Осы күні, 2014 жылдың 22 қыркүйегінде Алматы метрополитенінде жолаушы билеті белгіленген тарифтен 50%-ға төмендейді.

Қаланың муниципалды автобустарындағы жолаушы билеттері де бұл күні 50%-ға арзандайды.

Айта кетейік, автомобильсіз жүру күні Англияда 1997 жылы бастау алған болатын. Кейін Францияда жалғасты. 2001 жылы бұл қозғалысқа әлемнің 35 елінің қалалары қосылды. Бұл күні жеке автомобильді пайдаланушылар саны азайып, қоғамдық көлікке мінушілер, велосипед теуіп, жаяу жүрушілер саны артады.

Барлық жаңалықтар