- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда Бүкіләлемдік бокс академиясы ашылды
Қазақстанда Бүкіләлемдік бокс академиясы ашылды
Академияның ашылу салтанатына ҚР мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, Бокс халықаралық ассоциациясының президенті Чинг Куо, Қазақстан бокс федерациясының президенті Т.Кулибаев, халықаралық спорттық қауымдастықтың көрнекті қайраткерлері қатысты.
«Шара қонақтарына арналған құттықтау сөзінде министр Қазақстанда ең көп таралған спорт түрлерінің бірі бокс екендігін атап өтті. Отандық боксшылар түрлі халықаралық жарыстарда, Олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсетіп, «Астана Арланс» кәсіби клубының спортшылары бокстың бүкіләлемдік серияларында (WBS) жарқын спорттық шеберліктерін көрсетеді», - делінген хабарламада.
«АИБА Бүкіләлемдік бокс академиясының ашылуы тек қазақстандық қана емес, халықаралық бокстың дамуына да жаңа серпін береді. Бізге осындай мүмкіндік берілгендігіне шексіз қуаныштымыз. АИБА академиясы бүкіләлемдік боксты дамыту мен таратудың ірі орталығына айналатындығына сенімдімін», - деді ведомства басшысы.
Ашылу рәсімінен кейін жеңімпаздары АИБА-ның жаңа жобасы АРВ турнирінің жеребе салуы өткізілді. Бұл турнирде спортшылар кәсіби бокс ережелерімен 6-12 раундтық алысқа қатысып, жеңімпаздар Рио де Жанейродағы Олимпиадаға жолдама алатын болады. Жаңа жобаның алғашқы маусымы 2014 жылдың 24 қазанында ашылады деп жоспарланып отыр.
Кешеннің салынуы 2011 жылы АИБА және Қазақстан бокс федерациясы арасында арнайы келісімге қол қойылғаннан кейін басталғандығын ескертеміз.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды