- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада тәртіп бұзған жаяу жүргіншілерге апаттардың бейнероликтері көрсетілді
Астанада тәртіп бұзған жаяу жүргіншілерге апаттардың бейнероликтері көрсетілді
Патрульдік полициялары Жол қозғалысының жастар инспекциясымен бірлесіп көшелердің апаттық қауіпті жерлері мен мектеп маңайларында жол қозғалысы ережелерін бұзған балалар мен ата-аналарына әкімшілік жаза қолданды.
«Айыппұл салудың орнына жол қозғалысының жастар инспекциясы ересектерге ескерту жасады. Жолда қауіпсіздік ережелерін сақтаудың қажеттілігін айтып, пайдалы ақпаратқа толы буклеттер тапсырды. Сонымен қатар, ереже бұзушыларға тәртіп сақшылары апат орындарынан жазылып алынған бейнелерді көрсетіп, жолаушылар тарапынан жол ережесінің бұзылуынан туындаған оқиғаларды көрсетті», - дейді Астана қалалық ІІД ӘПБ айрықша тапсырмалар бойынша аға инспекторы Лариса Красникова.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, трагедиялық бейнероликтер көрсетілімі мен жол қозғалысының жастар инспекциясының белсенді қатысуы әкімшілік айыппұлға қарағанда ересектердің жол ережесін сақтауына барынша әсерлі болмақ.
«Мұны елордадағы №2 мектеп-лицейінің жанында полиция қызметкерлері тарапынан ұсталған бірнеше ата-ана растап, өздерінің ереже бұзу себептерінің асығыстығымен және жаяу жүргінші өткелінің мектептен алыс жерге салынғанын алға тартып ақталды. Алайда патрульді көліктегі бейнероликтерді көргеннен кейін асығыстықтың жол ережесін бұзуға ешқандай да себеп болмайтындығын түсініп тарқасты», - дейді Л.Красникова.
Естеріңізге сала кетейік, жаяу жүргінші қауіпсіздігі ережесін бұзу Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінеің 473-інші бабына сай 5 АЕК көлеміндегі әкімшілік айыппұлға тартылуы мүмкін. Ал жүйелі түрде бұзған жағдайда бұл айыппұл көлемі 15 АЕК-ке дейін өседі немесе үш тәуліктік әкімшілік қамауға алынады.
-
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Өзін-өзі оқшаулауды бұзғандар қанша айыппұл төлейді -
Президент тапсырмасы: Биржадағы саудада тәртіп орнай бастады -
Цифрландыру: Әлеуметтік қызметтің 91%-ы электронды түрде көрсетілді -
МӘМС: Кімдер тіркелді, халыққа қандай көмек көрсетілді және қордың пандемия кезіндегі жұмысы -
Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіп қалай бақыланып жатыр -
«Birgemiz: Bilim» жобасы: Ақмола мен Шығыс Қазақстан облыстарындағы ауыл балаларына қолдау көрсетілді -
Қазақстанда жол-көлік апатының басым бөлігі жаяу жүргіншілерді қағып кету салдарынан орын алуда -
Тоқаев: Тәртіп сақшыларының еңбекақысы 30 пайызға артады -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
Primaries-2020: әділ дауыс беру талабын бұзғандарға шара қолданылып жатыр -
Коронавирус: Вакцина кімдерге егіледі/ Нысандар қандай тәртіппен жұмыс істейді -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды -
Пандемия кезінде темірдей тәртіп қажет – сарапшы